Қысқа оқпанды «Маузер» және «Вальтер» тапаншасы 1895 жылы шығарылған. Кезінде бұлар пайдалануға ықшамды, құрылымы мығым қару ретінде танылды. Екінші дүниежүзіл соғыс басталардан бір жыл бұрын ғана өндірістен алынып тасталған. Қазір қос қаруда сараптамаға жіберілді. Оларды тапсыруға әкелген ер адам ескі үйдің еденін бұзған кезде тауып алдым-деп отыр. Тапанша темірі шірімей жақсы сақталған. Ерікті түрде тапсырған азамат полиция тарапынан қандай да бір жауапкершілікке тартылмайды.
Нұрғали Омарбеков, қалалық Полиция басқармасы бастығының 1-ші орынбасары:
Осы қаруды тапсырғаны үшін азаматқа әр бірлігі үшін 70 мың теңге көлемінде сыйақы бөлінеді. Акция кезінде облыс полиция бөлімдеріне 154 қару-жарақ тапсырылды және 330 ойық мылтыққа арналған оқ-дәрі тапсырылды. Акция барысында қабылданған қару-жараққа 4 млн-нан астам сыйақы бөлінді.