ҚХА арыстықтарға жәрдем ретінде 51 миллион теңге қаржы жинады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХА арыстықтарға жәрдем ретінде 51 миллион теңге қаржы жинады

27.06.2019

Қазақстан халқы Ассамблеясы арыстықтарға гуманитарлық жәрдем ретінде 51 миллион теңге қаржы жинады. Акцияға барлық этномәдени бірлестіктер атсалысып жатыр. Қаражаттан бөлек, азық-түлікпен қамтамасыз ету, көлік қатынасын ұйымдастыру сынды жұмыстарды қолға алған. Арыстағы жағдайға бей-жай қарамағандардың бірі – өзбек мәдени орталығы Түркістан облысына 22 тонна ұн жіберген. Мұндай шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

 

 

Жансейіт Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

 

Қаржыны көбірек жинап жатқан себебіміз – тамақ тағамдардың бұзылып кетпеуі үшін қаржылай жинап бергеніміз дұрыс деп есептедік. Бұзылмайтын заттар, дәрілер, қажетті киімдер – оның бәрін жинастырып, әр облыстан заттар жіберілуде. Мәселен, Орал облысынан 30 тонна азықүлік жіберілді.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу