Басты Жаңалықтар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «DP World» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайемді қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «DP World» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайемді қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «DP World» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайемді қабылдады. Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға халықаралық компанияның қатысуы жөнінде айтылды. Президент шетелдік инвесторлардың тиімді жұмыс істеуі үшін елімізде барлық қажетті жағдай жасалғанын айтты. Сұлтан Ахмед бин Сулайем Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесу үшін алғыс айтып, «DP World» компаниясы жақын арада іске асыруды жоспарлап отырған инвестициялық жобалары туралы баяндады.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

 

Қазақстанның Ақтау, Құрық теңіз порттарына қатысты инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға атсалысып жүргеніңізді білеміз. Аталған жобалар жемісті әрі тиімді болады деп үміттенемін.

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

 

 

 

Бөлісу