Басты Жаңалықтар Қиын балаларды оқытатын арнайы мектептерді түгел жабу керек

Қиын балаларды оқытатын арнайы мектептерді түгел жабу керек

Қиын балаларды оқытатын арнайы мектептерді түгел жабу керек

Еліміздегі қиын балаларды оқытатын арнайы мектептерді түгел жабу керек. Ондай оқушыларды әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, тиімді әдістермен тәрбиелегеніміз абзал.

Балалардың құқын қорғау ұлттық конференциясында мамандар осындай ұсыныс айтты. Қазақстанда 3 мыңдай қиын бала бар. Жыл сайын олардың қатарына 300 жеткіншек қосылады екен. Ал арнайы мектептердің саны - 8. Олар кеңес үкіметі кезінде салынған көне білім мекемелері. Көңілге қаяу түсіретіні де сол дейді көзбен көргендер. Тым ескі ғимарат оқушылардың еңсесін одан сайын түсіреді. Сол себепті әкімдіктің, болмаса мектептің жанынан күндізгі орталықтар ашу туралы ұсыныс айтты. Ол жерде психологтар, әлеуметтанушылар арттерапия жүргізсін. Баланың өз-өзіне деген сенімін арттыру үшін жұмыстар істелсін дейді халықаралық ұйым өкілдері. Ал ең бастысы - әр ата-ана өз баласына қашанда жауапты екенін ұмытпауы шарт.

Азамат Шамбилов - PRI халықаралық түрме реформасының Орталық Азия бойынша атқарушы директоры:

- Бір ғана мысал: домбыра ойнап, би билеп, ән салатын бір қыз отыр. Тәрбиесі тамаша. Бәрақ ол қыздың әкесі - шешесі осы мектепке апарып тастаған. Себебі ол қыз өзінің өгей әкесімен өмір сүргісі келмеген. Үйінен қаша берген. Мүмкін ол қыз белгілі бір деңгейде қиындық көрдіма , не болды, қандай жағдайға душар болды ешкім сұрамаған.

Бөлісу