Қостанай облысы Арыстағы жарылыстың салдарынан бүлінген 450 үйді қалпына келтіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысы Арыстағы жарылыстың салдарынан бүлінген 450 үйді қалпына келтіреді

27.06.2019

Қостанай облысы Арыстағы жарылыстың салдарынан бүлінген 450 үйді қалпына келтіреді. Бұл туралы аймақ басшысы баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Осы уақытқа дейін Қостанайдан Арыстықтарға 20 тонна ұн, 7 тонна макарон және 3 тонна кондитер өнімдері жөнелтілген. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударыпты. Оның көлемі 20 млн теңге. Мұның сыртында жеке кәсіпорындар да арнайы есепшоттарға қаржы салып жатыр. Еріктілер тобы тұрғындардан сәбилер мен жас аналарға, күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарды жинап, жіберуге дайындап қойған. Дәрі-дәрмек те жөнелтіледі. Облыста Арыс тұрғындарына көмек жұмыстарын үйлестіру мақсатында арнайы штаб құрылған. 8 адамнан тұратын комиссия апат болған қалаға аттанды. Олардың міндеті - қираған нысандарды қарап, қалпына келтіруге қажетті қаржы мен жұмыс ауқымын анықтау.

Архимед Мұхамбетов, облыс әкімі:

- Ең бірінші зерттеу керек. Қандай құрлыс материалдары керек? Қайдан аламыз? Алматыдан ба, Шымкенттен бе? Жұмысты тез, уақытында аяқтауға тырысамыз.

Хабарламаларға жазылу