Алматыда тұтынушыларға арналған орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тұтынушыларға арналған орталық ашылды

27.06.2019

лматыда «Бір терезеден» қағидатына сәйкес, тұрғындарға бір жерден тұтыну қызметтерін көрсететін орталық жұмысын бастады. Бұл Мемлекет басшысының елімізді дамытуға байланысты ұсынған он басым бағытының жетінші бөліміндегі қуатты аймақ құру ісін жүзеге асыруға негізделген. Сондықтан, тиісті мекеме мамандары бұл жобаны әлі де жетілдіріп, сандық жүйенің игілігін көпшілік көретін жағдайға жеткізетіндіктерін мәлімдеді. Тілші материалы.

Төрт баланың анасы - Айжан бесіншісіне жүкті. Сондықтан, шиеттей бала-шағасымен күн сайын тұтыну қызметі түрлерін әр жердегі мекемелерден төлеп жүруге уақыты жоқ. Осы себепті "Алматы су" мемлекеттік мекемесіне "бір терезе" қағидатына сәйкес, тұтыну қызметінің ақысын бір орталықтан төлеуге бірнеше рет ұсыныс айтқан. Енді, міне сол тілегі орындалып, барлық шаруасын бір күнде бітірді.

 

Айжан Қадырақынқызы, қала тұрғыны:

- Бала шағамен әрі бері жүрмейсің. Бір жерден төлеп, барлық жұмысыңды бітірп кетесің. Өте ыңғайлы.

Тіршілігі қыз-қыз қайнаған ірі мегаполисте тұрғындарға жетпейтіні - уақыт. Сондықтан, тұтынушылардың уақытын үнемдеу басты міндетіміз дейді жобаны іске асырған мамандар.

Ақбота Талғатқызы – "Алматы су" мемлекеттік кәсіпорны қоғаммен байланыс бөлімінің бас маманы

- Тұтынушыларға ыңғайлылық тудыру және де уақыттарын үнемдеу. Себебі, қазіргі кезде уақытты үнемдеу ең негізгі қағида болып табылады. Бұл біздің алғашқы жобаларымыздың бірі. Егер тұтынушылар тарапынан сұраныс болып жатса біз міндетті түрде басқа да мәселелерді қарастырамыз.

Президент өңірлерді дамытудың жаңа бағдары ретінде қуатты аймақтар – қуатты Қазақстанның тірегі екендігін атап өткен. Сондықтан, қала тұрғындарын толғандырған барлық мәселе жергілікті деңгейде реттеліп жатыр. Осы бағытта әр тұрғынның ұсынысы ескеріледі.

 

Нұрлан Асқарұлы

Хабарламаларға жазылу