Маңғыстау облысына қарасты Сайөтес ауылында ауыз су тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысына қарасты Сайөтес ауылында ауыз су тапшы

27.06.2019

Маңғыстау облысына қарасты Сайөтес ауылында ауыз су тапшы. Жаз басталғалы бері тіршілік нәрі небәрі 3-ақ сағатқа беріледі. Осы аралықта алып үлгермесе, тұрғындар бір тәулік бойы сусыз отырады. Қиналған жұрт жергілікті биліктен көмек сұрайды. Ал ауыл әкімі болса, мәселе ай сайын берілетін су көлемінің аздығынан- деп отыр.

 

Ізбибі Қосбергенова ауыз су берілген кезде үйдегі ыдыс-аяқтың барлығын толтырып алады. Дегенмен оның өзі ас дайындап, кір жуудан артылмайды. Ал, мал бағып, бау-бақша егіп отырғандар үшін тіпті қиын.

Ізбибі Қосбергенова Сайөтес аулының тұрғыны:

- Суды кешкі сағат 5 те беріп, 8 де жабады. Суды водовозбен жеке меншік водовозға ақшасын төлеп  құйдырып аламыз.

Сайөтес ауылында 2 мыңнан астам тұрғын түтін түтетіп отыр. «Темір жол су Маңғыстау» мекемесі елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етуді мойнына алған. «Қамтасасыз етуде»- деген аты болмаса, тіршілік нәріне ауыл жарымай отыр.

Әби Өткілбаев Сайөтес аулының тұрғыны:

- Бұрынғы вода качка деген 64 жылы салынған соның трассасымен су алып отырмыз. Оның фильтірі ескі, таза су жоқ лас. Ақбұлақ программасына сенгенбіз кезінде халықты қарық қылады деп. Оның ғимараты салынды, қондырғылары құрылды, фильтірі бәрі дайын деп ашылды. Бірақ, аяқсыз қалды.

Ауыл әкімінің айтуынша, ауылға бір айға 4500 текше метр су беріледі екен. Аудан әкімдігі құзырлы компаниядан судың көлемін көбейтуді сұрап хат та жазған. Алайда жауап жоқ.

Насуха Ұлықпанов Сайөтес ауылының әкімі:

- Жаз мезгілінде ауыл халқы тұтынады. Азды көпті бау бақша егеді. Қазір халықтың күйі жақсы, малды көп бағады. Мал ішеді. Соның бәріне айына берілетін 4500 текше метр жетпей қалатын түрі бар. Сондықтан 3 сағатқа береміз.

Ауылда 2014 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында су тазарту қондырғысы салынған. Бірақ, ол қондырғы 5 жылдан бері сол күйі іске қосылмады.

Хабарламаларға жазылу