Алматыдағы өнер ұжымдарында ашылған штабтан тұтыну заттары мен азық-түлік тиелген тағы бірнеше көлік жолға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы өнер ұжымдарында ашылған штабтан тұтыну заттары мен азық-түлік тиелген тағы бірнеше көлік жолға шықты

27.06.2019
Алматыдағы өнер ұжымдарында ашылған штабтан тұтыну заттары мен азық-түлік тиелген тағы бірнеше көлік жолға шықты

Алматыдағы өнер ұжымдарында ашылған екінші штабтан тұтыну заттары мен азық-түлік тиелген тағы бірнеше көлік жолға шықты. Өнерпаздар екі күннен бері жарылыс салдарынан зардап шеккен тұрғындарға жылу жинаған.

 

Мегаполистегі өнер ұжымдарының екінші штабы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында орналасқан. Мұнда екі күннің ішінде жиналған заттарды екі көлікке тиеп, Түркістан облысына жіберді.

 

Арман Әділханұлы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры:

 

- Біз Арыс тұрғындарымен әрқашанда біргеміз. Біз бірге болу керекпіз осындай қиын жағдайда. Рухани болсын, материалдық болсын біз көмекке дайынбыз. Және өзіміз барып жағдайды көріп, қол ұшымызды бергелі отырмыз.

 

Сонымен қатар, қаладағы мектеп ұжымдары да зардап шеккендерге көмек беруге дайын екендіктерін көрсетті. Олар да қолдарында бар дүниені әкеліп, тапсырған.

 

Айгүл Жұмәділқызы А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының директоры

 

- Осындай қиын жағдайда әрбір Қазақстанның азаматы ауызбіршілікпен, қолдау көрсетіп, көмек көрсету парыз деп ойлаймын. Соның арасында Ахмет Жұбанов атындағы мектептің ұжымы осындай бір күндік айлығын бөліп, одан бөлек азық-түлікпен, киім-кешектермен көмек көрсетуде.

 

Сәбит Әбдіхалықов М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры:

 

- Жалпы тас түскен жеріне ауыр дейді ғой. Мынау Арыстағы бауырларымызда осындай апат жағдай болып бауырларымызға үлкен ауыртпашылық. Әрине мұндай ауыртпашылықты ел болып, жұрт болып бірге көтеру керекпіз. Біздің ниетіміз олармен бірге.

 

Арыс тұрғындарын қолдауға арналған әлеуметтік көмек мұнымен шектелмейді. Өнер ұжымдары бұдан әрі қарай да азық-түлік пен киім-кешек жинап, жөнелтпекші.

Хабарламаларға жазылу