Елбасы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновты қабылдады
Елбасы бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновты қабылдады. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Елорданың әкіміне бас қаламызды одан әрі дамыту үшін зор жауапкершілік жүктелгенін атап өтті. Тұңғыш Президент жаңа әкімнің жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін іскерлігі мен тәжірибесі жеткілікті екенін атап өтті. Алтай Көлгінов бас қаламыздың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жақсарту үшін атқарылатын жұмыс туралы баяндады.
«Қазіргі уақытта қаланы дамыту үшін қабылданған бағдарламалар жүзеге асырылуда. Өсім деңгейін одан әрі қамтамасыз ету мақсатымен берілген барлық тапсырмалар орындалып жатыр. Экономикалық көрсеткіштер жақсы. Шағын және орта бизнес, сондай-ақ өндіріс көлемі артып келеді», – деді Елорда әкімі.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13