2016 жылы елімізде 150 мыңдай адам наркологиялық есепте тұрған
2017 жылы ол көрсеткіш 135 мыңға төмендепті. Бұл - денсаулық сақтау министрлігінің жүргізген кешенді жұмыстарының арқасы дейді мамандар. 135 мыңның 20 мыңы есірткіге тәуелділер. Қалғаны араққа салынғандар. КСМ: Ал Елордада тіркелген 9 мың адамның 2 мыңы нашақорлар. Өкініштісі сол, көбі 18 бен 35 жас аралығындағы тепсе темір үзетін жігіттер. Дегенмен, соңғы кездері өз еркімен емделуге келетіндердің саны артыпты. Бастапқы ем 3 айға созылады. Ал толық айығып кету үшін, одан кейін бір жарым жылдай психотерапевттердің бақылауында болу керек. Сол ем шаралардың арқасында емделушілердің 30 пайызы есептен алынады екен. Алайда бойындағы дертінен арылғысы келетіндер өте кеш келеді дейді дәрігерлер. Олар өзін көрсетуге ұялып, жылдар бойы дәстүрлі немесе жасырын ем қабылдап ауруын асқындырып алады.
Тоқтар Қойшыбеков, дәрігер-нарколог:
Нашақорлық созылмалы. қысұқа мерзіде ремиссия тудыра аламыз. Соңғы сатысына келгенде міндетті түрде денсаулығында қайтымсыз із қалады. Мысалы алкаголь гепатит, ары қарай церрозға. Ақыл кемділікке ұшырайды.
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне орай наркология және психотерапия орталығындағы ашық есік күні, Хан-Шатыр сауда орталығында жалғасты. Мамандар жиналғандарға ішкілік пен нашақорлыққа салынудың зардабын түсіндірді. Белгілі спортсмендер жасөспірімдерге салауатты өмір салтын ұстануды насихаттады.
Сәуле АЛДАМҰРАТ