Қазақстандағы көпсалалы ауруханалардың 40 пайызы заманауи стандарттарға сай келмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы көпсалалы ауруханалардың 40 пайызы заманауи стандарттарға сай келмейді

26.06.2019

Оны жөндеу үшін 1,4 триллион теңге қажет. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Университет клиникаларын инвестициялауға бағытталған халықаралық форум аясында айтты. Оның сөзінше, алдағы уақытта ауруханаларды жоғары оқу орындары негізінде салу керек. Сол кезде студенттер 1 курстан бастап теория мен тәжірибені ұштастыра отырып оқитын болады. Министр осы мақсатта мемлекеттік - жемекеменшік кәсіпкерлікті тарту керек деп есептейді. Елжан Біртанов елордадағы ескі темір жол ауруханасының орнына жаңасы салынатынын да айтты. Жаңартылған медициналық мекеме келешекте университеттік клиника ретінде ауыстырылмақ. Айта кетейік, бүгінде

Қазақстанда 8160 медициналық мекеме бар. Оның 640-ы аурухана, 7520-сы амбулаториялық емхана. Орталықтардың 7126- ауылда, 1034-і қалада орналасқан.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Біздегі 5 ұлттық мемлекеттік медициналық университет бар, соларға біз облыстық ауруханаларды беріп, немесе жаңа ауруханаларды соғып беріп, сол ауруханаларға біздің мұғалімдерді кіргізу керек. Себебі, қазіргі күндегі дәрігерлер оқуды класста өтпей, ауруханада 1 курстан бастап, науқастармен бірге жұмыс істеп, оқу қажет.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу