Латын қарпіне көшуді насихаттау бойынша Жамбыл облысы көш басында келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Латын қарпіне көшуді насихаттау бойынша Жамбыл облысы көш басында келеді

26.06.2019

Елімізде жүргізілген мониторинг нәтижесі осыны көрсетті. Бұл жайында ақпараттық насихаттау апталығына жиналған филолог ғалымдар айтты. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген мамандар мемлекеттің тілінің мәртебесі мен латын қарпіне көшудің күрделі мәселелерін ортаға салды. Республикалық апталық аясында аймақтың аудандарын аралап, тұрғындарға латын әліпбиіне ауысудың алғы шарттарын түсіндірмек. «Ақпараттық кездесулер мен семинар-дәрістер өңір тұрғындарының басым бөлігін қамтиды»- дейді насихаттық топ өкілдері. Сондай-ақ, көпшілікке дайын болған латын әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінің пунктуациялық ережелері таныстырылмақ.

Ербол Тілешов, насихат тобының өкілі:

Бірден жұмыстар қолға алынды, оның ішінде несихат жұмыстары Тараз қаласының ішінде және жамбыл облысының 10 ауданында барлық жерде насихаттық жұмыстар да ереже емлелерді таныстыру жұмыстары да өтті. көше атаулары мекеме атаулары өзгерді, тұрақты түрді Жамбыл облысында жергілікті радиода газеттерді ,телеведениеда аақпараттық жұмыстар белсенді жүргізілді. Міне осы параметрлер бойынша келген кезде біз Жамбыл облысын таңдап, және облымстың ішінде ғана емес бүкіл республикадағы тіл басқармасының басшыларын шақырдық./ 29 сек

Дәурен ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу