Жаңа білім бағдарламасы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа білім бағдарламасы талқыланды

26.06.2019

Елордаға кемінде 20 мектеп салу қажет. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы алаңындағы «2016-2019 жылдарға арналған білім беру және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» талқылау барысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Оның сөзінше, тек елордаға жыл сайын 20 мың бала көшіп келеді. Бұл кемінде 20 мектеп салу қажет деген сөз. 3 жылға арналған бағдарламаның орындалуы үшін бюджеттен қосымша 455 миллиард теңге бөлінген. Ол балабақшадан бастап, мектеп, жоғары білім, ғылым – барлық саланы қамтиды. Сондай-ақ,12 жылдық білім берудің жүйесін реттеу, қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасын салыстыруды көздейді.

 

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

 

Жасыратын ештеңесі жоқ, бүгінде ауыл мен қала мектептері әлі де теңестіріле алмай жатыр. 145-ке жуық 3 ауысымды мектеп бар. 100-ге жуық авариялық мектеп бар. Осының бәрі бүгінгі таңда бөлініп жатқан бюджеттен, қаражаттан нақтыланып жатыр бюджет, соған да байланысты.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу