Арнайы есепшот ашылып, тұрғындар ақша аударуда
Қостанай облысының тұрғындары да осынау қиын сәтте арыстықтармен бірге екендіктерін білдіріп, көмек қолын созды. Әрбір азамат өз мүмкіндігінше арнайы ашылған есепшоттарға қаржы аударуда. Соның ішінде ең қомақтысы 1 миллион теңге. Оны қостанайлық кәсіпкер жіберіпті. Жергілікті өңдеуші кәсіпорындар болса ұн, макарон тәрізді өнімдерін көліктерге тиеп, жөнелтуге дайындап жатыр. Облыс орталығындағы «Nur Otan» партиясының ғимаратынан тәулік бойы жұмыс істейтін жинақтау орны ашылды. Мұнда тұрғындар кез-келген уақытта келіп, өзінің арыстықтарға деген сәлемдемесін тапсыруына болады.

Ерболат Аханов, Қостанай қаласының тұрғыны:
Шын мәнінде, Арыс қаласындағы жағдай кім-кімді де бей -жай қалдырмайды. Мен де Қостанай қаласының тұрғыны ретінде осында өз көмегімді әкелдім. Мұндай қиын сәтте ынтымақта болайық!
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы