Басты Жаңалықтар ҚР Қарулы күштері ардагерлер кеңесі 3 миллион теңге аударды

ҚР Қарулы күштері ардагерлер кеңесі 3 миллион теңге аударды

 

Еліміздің "Қарулы күштері" ардагерлері орталық кеңесі Арыстағы ағайынға көмектесу үшін 3 миллион теңге аударды. Мұны кеңес төрағасының орынбасары Марат Нағұманов айтты.

«Қорғаныс саласы ардагерінің сөзінше, ондай маңызды обьект жіті қадағалауда болады. Ал жарылысқа ненің себеп болғанын тексеру барысында мамандар анықтайды»,- деді.  Марат Сераұлы 2014-жылы Үкіметке қару-жарақ қоймасын көшіру туралы ұсыныстың болғанын айтады. Себебі жылдар бойы сақталып келе жатқан арнаулы орынға ауыл тым жақын боп кеткен. «Содан кейін қауіпсіздік жұмыстары жәй болса да жүргізіліп жатыр»,- дейді ардагер. Мәселен, өткен жылы сол жерден 185 мың тонна қару-жарақ басқа жерге көшіріліпті. 

 

Марат Нағұманов, ҚР «Қарушы күштері» ардагерлері орталық кеңесі төрағасының орынбасары:

 

Тыйым салынған аумақ дегенді 400 емес, 10 км-ге ұлғайтайық дедік, оған бармады. Онда жұрт тұрады. ауылдарды көшіру керек. Ол қаражат. Басқа жерге көшіру керек дедік. Көшіруге тағы да қаражат керек. Сондықтан қару- жарақты Қарулы күштер өз күшімен тасымалдады. 185 мың тоннаны басқа  қоймаларға. Ол қанша вагон болатынын есептей беріңіздер. Жарылады деп ешкім ойлаған жоқ.

Сәуле АЛДАМҰРАТ

 

 

 

 

Бөлісу