Ақмоланың алғашқы мешітін салған аға сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендінің ұрпақтары оның аты жазылған тақта орнатылды. Орта Жүз ханы Сәмекенің шөбересі Қоңырқұлжа 1832 жылы Ақмола бекінісінің қазығы қағылған тұста, аға сұлтан болып сайланады.
Шараға аға-сұлтанның ұрпақтары, тарихшы ғалымдар және тұрғындар қатысты. Жиналғандар Қоңырқұлжа Құдаймендінің ақ паташаға дейін барып, қазақтан әскер алмау туралы талап қойып, қолхат алғанын еске алды.
Марат Әпсембетов, Тарих ғылымдарының докторы, профессор:
Ақ патшаға дейін барып жүріп, мешіт салғызды. Бұл мешіт өртенді.
Елбасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасында тарихта өшпес із қалдырған тұлғаларды ұлықтауды тапсырған. Қоңыпқұлжа сұлтанның патша өкіметінің алдында беделі зор болатын.
Аға сұлтан Ахметтөре ауылында жерленген. Ұрпақтары марқұмның басына барып құран оқыды.
Асылбек Алтынов, Қоңырқұлжа Құдаймендінің ұрпағы:
Осында Қоңыр атам жерленген. Ұран бағыштадық аруаққа.
Қоңырқұлжа Құдайменді кезіндегі Ақмола бекінісінде алғаш мешіт салған. Енді ұрпақтары оның атына көше беріп, ескерткіш орнатуды қолға алмақ.
Ғабит БӨКЕБАЙ