Түркістандық шаруалар су жаңа техникаларға қол жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістандық шаруалар су жаңа техникаларға қол жеткізді

24.06.2019

Бұл бастаманың артықшылығы сол – диқандар қажетті құрылғыны алғашқы жарнасыз, бірнеше жылға бөліп төлеу шартымен алады. Ал алғашқы жарнаның 25 пайызын мемлекет субсидиялайды. Жыл басынан бері 289 бірлік техника сатып алынып, 491 млн. теңге субсидия төленген. Бұл ескі-құсқы техникадан ығыры шыққан шаруаларға серпін бермек. Айта кетейік, Түркістан облысында ауылшаруашылығы техникаларының жалпы саны - 18 мыңға жуықтайды. Оның 16-дан астамы – трактор, 883 астық комбайны, 340-ы – мақта комбайны.

Әли Исабеков, шаруақожалығы иесі:

Алғашқы жарна алып жатырмын. Келіскендегі мақсатымыз- 25 пайызын 3 млн 500 мыңын төлеп береді. Қалған 11 млн 200 мыңын 5 жылға бөліп беріп жатыр.

Нұржігіт Мырзахметов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Жеміс-жидек, көкөніс, суармалы жерлерді ұлғайту, жайылымды жерлерді тиімді пайдалану бойынша ауылшаруашылығы техникалырын жаңарту жоспарға қойып отырмыз.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


 

Хабарламаларға жазылу