Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған тіл байқауында «Мәселе» бағдарламасы бас жүлдені жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған тіл байқауында «Мәселе» бағдарламасы бас жүлдені жеңіп алды

21.06.2019

Бүгін біздің арнаның қоржыны жаңа жүлдемен толықты. "Қазақстан" Ұлттық телеарнасының қарымды журналистері Әлімжан Сабыржанұлы мен Нартай Аралбайұлы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған байқауда жеңімпаз атанды. Көркем сөз бен өткір тілдің иесі  Әлімжан Сабыржанұлы «Апта» сараптамалық бағдарламасында журналист.

 

Ал Нартай Сәрсенғалиев көпшіліктің көзайымына айналған «Мәселенің» жүргізушісі. «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» республикалық конкурсына төрт аталым бойынша 250-ге жуық материал түскен. Газетке шыққан  мақала,  телебағдарлама,  радиобағдарлама, сайтта жарияланған мақалалардың үздік авторларын жаңа министр құттықтады. Бұған қоса жыл бойы еліміздің мәдениеті мен спортындағы мәселелерді көтеріп, жетістіктерді насихаттап жүрген тілшілер де ерекше құрметке ие болды. Олардың ішінде біздің «Ақпараттың» қыз-жігіттері де бар.

 

 

Нартай Аралбайұлы, «Мемлекеттік тіл және бақ» байқауының жеңімпазы:

 

Бұл жалпы ұжымның жеңісі. Мен әріптестерімді құттықтаймын.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу