Қызылорда облысында газ саласының шеберлері өзара бақ сынасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында газ саласының шеберлері өзара бақ сынасты

21.06.2019

Дәстүрлі шара жылда ұйымдастырылады. Мақсат, қызметкерлердің ауызбіршілігін арттырып, ұжымның беріктігін сақтау.

«ҚазТрансГаз» компаниялар тобында жыл сайын өткізілетін кәсіби шеберлікті, білім мен біліктілікті шыңдауға бағытталған конкурсқа ерекше көңіл бөлінеді. Себебі, Қазақстанның газ саласы Орта Азиядағы ең озық технологиямен жабдықталған маңызды инфрақұрылымға ие. 19 мың шақырым магистральдық және 47 мың шақырым газ тарату құбыры игерілген.

Мұқатай Шаңбатыров, «Интергаз орталық Азия» АҚ директорының бірінші орынбасары:

Талап өте жоғары. Ең бірінші мәселе-қауіпсіздікті қорғау мәселесі. Екінші-өз мамандығы бойынша шеберлік сынына қатысу. Бізде «Алтын белгі» бар берілетін, «Үздік маман» деген алтын белгі. Ол әдейі шығарылады жыл сайын. «Үздік маман» жылы жазылады, ол бірнші орын алған маманға беріледі.

2 кезеңнен тұратын байқауда жұмысшылар 15 мамандық бойынша бақ сынады. Біріншісі «Ақыртөбе» жерасты газ сақтау қоймасының базасында 4 мамандық бойынша өтсе, екінші- шешуші кезең 11 мамандықты қамтыды. Жұмысшылар үш күн бойы өндірістік қауіпсіздікке қатысты теориялық және практикалық білімі мен біліктіліктерін саралады. Байқау нәтижесінде үздік деп танылғандар марапатқа ие болды.

Төлеген Сатарқұл, «Үздік маман-2019» байқауының жеңімпазы:

Бұл байқау тек қана жас маман емес, бүкіл жұмысшыларға бірнішіден осы компанияның үлкен отбасының мүшесі ретінде сезінуді береді. Көптеген қуаныштар, мейрамдар белсенді өмір сүруге құлшынысын күшейтеді. Жас мамандар өздерінің мүмкіншіліктерін сынайды. Біздің жас мамандар компанияның болашағы болатынына сенімдімін.

«Үздік маман» байқауы компанияның корпоративті дамуының маңызды элементі. Әр қатысушы кәсіби маман екенін дәлелдеді. Бұл жұмыстың сапасын арттырады, яғни табиғи газды үздіксіз және апатсыз тасымалдаудың кепілі.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу