Шілде айының соңына дейін өңірлерде шет елдік инвесторларға арналған фронт-кеңселер құрылады
Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәжілісінде, Сыртқы Істер министрлігінің өкілдері айтты. Аталған кеңселер Қазақ еліне қыруар қыржы құям деп келген шетелдік бизнесменге тек, ақпарат пен кеңес беріп қана қоймай, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған бірыңғай алаң болады. Яғни, инвестор, мемлекеттік органдардың арасында әрі-бері табанынан тозбай, барлық мәселесін осы жерде-ақ шешеді.
Қазірдің өзінде шетелдік капиталдың есебінен іске асыруға әлеуетті 128 жоба анықталған. Олардың дені – тамақ өнеркәсібі, агрохимия, ауылшаруашылық техникасы, газ химиясы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және тағы басқа салаларын қамтиды. Айта өтейік, былтыр елімізге 24,6 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған.
Бақыт Батырашев, ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы:
Нидерланды-7,3 млрд. доллар , АҚШ-5,3 млрд, Швейцария-2,5 млрд. Ресей-1,5 млрд. Қытай 1,5 млрд, доллар. Біріншіден, негізгі инвесторлары, екіншіден,олар әрі қарай инвестицияларын ұлғайтуға және дәстүрлі сектордан кетіп, басқа да секторларға инвестицияларын құюға дайын.
Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы