«Túrkistan» газеті 25 жылдығының құрметіне үстел теннисінен турнир өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Túrkistan» газеті 25 жылдығының құрметіне үстел теннисінен турнир өткізді

21.06.2019

Оған елдің әр өңірінен келген 30-дан аса тілші қатысып, бақ сынады. Бұқаралық спортты дамытуға арналған шарада мықтыны анықтау оңайға түскен жоқ. Себебі, өнер ұжымдары жарысқа тыңғылықты дайындалған. Десек те, жеңімпаздар мен жүлдегерлер де анықталды. Турнирдің бас жүлдесін Жезқазған қаласы «Сарыарқа» аймақтық газетінің фототілшісі Ғалия Әбдіғаппарова иеленді. Ал, «Талдықорған» газетінің бас редакторы Данияр Сейсенбаев екінші, «Огни Алатау» басылымының қызметкері Асхат Алтынбеков үшінші орын тұғырынан көрінді.

Қуат Әуесбай, «Túrkistan» халықаралық саяси апталығының бас редакторы:

Бұл шараның мақсаты негізінен әріптесер арасындағы бірлікті нығайта түсу ғой негізінен. Біз халықты салауатты өмір салытна үндейміз халықты. Бірақ, өзіміз сол жұртқа үлгі болуды ойласақ осындай бір іс-шараны ұйымдастырсақ деген ниет болған. Журналистердің кәсіби мерекесі 28 маусым сол мерекенің қарсаңында Түркістан газетін 25 жылдығы қарсаңында осындай іс-шараны өткізуді ұйғардық.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу