Мәдениет министрі: Димаш Құдайберген келесі жылы АҚШ-та концерт береді
Келер жылы Нью-Йорк қаласында Димаш Құдайбергеновтың жеке концерті өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова есептік кездесу кезінде айтты. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар балалар туризмін дамыту мақсатында «Kids go free» қағидасымен әуе жолдарында тегін ұшу жоспарлануда. Әлеуметтік жағдайы төмен, білім беру жарыстарының жеңімпаздары, оқу озаттарына арналған "Балалар туристік пойызы" атты жобасы қолға алынды. Ал кино саласына келер болсақ, әлемдік деңгейдегі "Форсаж" және "Трэдстоун" фильмдерінің кейбір үзінділерін елімізде түсірілуі мүмкін. Әзірге келіссөздер жүргізіліп жатыр. Елдегі киноөндірісті дамыту үшін арнайы заң да қабылданған.
Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
Ұлттық киноөндірісті қолдау. Екінші. Ұлттық кинопрокатта шетелдік фильмдерге қарағанда ұлттық фильмдерге басымдық беру. Үшінші, қазақстандық киноны әлемдік бұқаралық прокат нарығына шығару. Статистика бойынша тек өткен жылы ғана Қазақстандық картиналарды көрушілер саны 30,5 пайызға артқан. Соңғы 10 жыл ішінде ұлттық прокатта Қазақстандық картиналардың үлесі 10 есеге өсті. 
Оңғар АЛПЫСБАЙ