Басты Жаңалықтар Тарбағатай тауларының етегіндегі ауылдар мен егіс алқаптарын көбелек басып кеткен

Тарбағатай тауларының етегіндегі ауылдар мен егіс алқаптарын көбелек басып кеткен

Шығыс Қазақстандағы Үржар өңірінде табиғат тосын құбылысы танытты. Тарбағатай тауларының етегіндегі орналасқан ауылдар мен орман, егіс алқаптарын тегіс көбелек басып кеткен. " Долана көбелегі"  аталатын жәндіктің бұл түрі нағыз зиянкес болып шықты. Енді мамандар олардан құтылудың амалын ойластырып жатыр. Өңірден тілшіміз Ержан Жақып баяндасын.

 

Қаптаған ақ көбелек тұтас ауылдарды, жеміс ағаштары мен егін алқаптарын басып кеткен. Тұрғындар " бұрын-соңды мұндай құбылысты көрмедік"  деп аң таң. Әдемілігі өз алдына, алайда, қоршаған ортаға көбелектің кесірі тиіп үлгерді.     

 

 Ержан Жақып, тілші: 

 

Көбелектің көптігі, әсіресе жеміс ағаштары, сондай-ақ бал шарушылығына да өзінің зиянын тигізіп жатыр,-дейді мамандар. Мысалға, мынандай аралар, көбелектің бір рет қонған гүліне қайтып қонбайды екен. Соның кесірінен бал өндіріс биыл төмендеуі мүмкін деп отыр.

 

73 жастағы Николай Мирных бал шарушылығымен ес білгелі шұғылданып келе жатыр. Мұндай құбылысты 80 жылдары ғана көргенмін дейді. Одан бері мүлдем қайталанбаған. Биыл қаптап кеткен ақ көбелектер бал өндірісіне де кесірін тигізеді-дейді ақсақал.

 

Николай Мирных, омарташы:

 

86-87-ші жылдары Киевтен бір профессор келген. Немен улағанын білмеймін. Олар улаған соң мұндай көбелектер қайтып жұмыртқа салған жоқ. Ал биыл өте көп. Бал арасы бұл жәндіктің қонған гүліне мүлдем жоламайды. Ал олар тым көп екендігін көріп тұрсыздар.

 

"Долана көбелегі"  омарташының алма ағаштарын да бүлдірген. Жапырақтары мен гүлдерін көбелек құрттары жеп қуратқан. Енді ағаш биыл жеміс бермейді-деп отыр. Қазір көбелек басқан аумақтарды " Тарбағатай мемлекеттік ұлттық паркінің"  мамандары зерттеп жатыр.

 

Жаңылхан Әлімсейітова, арбағатай мемлекеттік ұлттық паркінің"  ғылыми ақпарат және мониторинг бөлімінің бастығы:

 

Өте қолайлы жағдай туып тұрғаннан кейін, зиянкестің түрі " Долана көбелегі"  пайда болып тұр. Бірақ осыны әрі қарай зерттеу жұмыстарын жалғастырып, келесі жылы бұның мөлшері көп болып тиабиғатқа залалын тигізбес үшін, ерте көктем кезеңінде, яғни ол жұлдыз құрт болып шықпай тұрған кезде жаңағы біздің табиғатқа зиянын келітмейтін пестицидтерді тауып, фунгициттерді тауып әрі қарай өңдеу жұмыстары жүргізіледі. 

 

Мамандардың айтуынша, жәндіктің бұл түрі ылғалды ауа-райын өте жақсы көреді. Биыл Үржар өңірінде жауын-шашын көп. Сондықтан, көбелек тым тез көбейген. Жеміс өсіретіндер мен бал өндірушілерге зиянкестерден қаншалықты шығын келгенін әзірге мамандар дөп басып айта алмай отыр.

 

Ержан ЖАҚЫП

 

 

 

Бөлісу