Басты Жаңалықтар Ақмола облысы, Қажымұқан ауылында төте жол жабылып қалған

Ақмола облысы, Қажымұқан ауылында төте жол жабылып қалған

Тұрғындары редакциямызға шағымданды. Айтуларынша, ауыл ішіндегі бос жатқан жердің бәрі сатылып жатыр. Салдарынан мектепке, су тасуға, тас жолға шығатын төте жолдың бәрі жабылып қалған. Тілшіміз Ербол Мәндібек осы ауылға арнайы барып, мәселенің мәнісін түсінуге тырысып көрді.

Шағын ғана ауылдағы үлкен проблема аяқ астынан туындаған. Нақтылап айтсақ, көшенің арғы бетінде тұратын тұрғындар «аралда» қалып қойып отыр. Міне мынау таяқ тастам жердегі жолға шығу үшін 2-3 шақырым қашықтықты айналып өтуге мәжбүр. Бұл бір. Екінші мәселе балалардың мектепке баруы, үшіншісі ауылдағы жалғыз ауыз су құбырына жету, жету тұрмақ өтудің өзі үлкен қиындыққа соғып тұр.Бұр дәл осы жерден тұрғындар емін-еркін өтіп келсе, енді міне аяқ астынан бұл жердің де қожайыны пайда болған.

Суға баратын жолды қоршай бастапты. Шамасы үй салатынға ұқсайды. Осыған шағымданған адамдарға жергілікті шенеуніктер «іргесінен жарты метр жер қалдырдық, содан өтіңдер»,-деп жауап айтыпты.

Жүрерге төте жол таппай тығырыққа тірелген ағайын өз бетінше ізденіп көріпті. Сөздеріне қарағанда, сәулет жоспарына сәйкес дәл осы көшенің бойында жаяу жүргінші және көлік өтетін жол болуы тиіс.

Серік Сәдуов, Қажымұқан ауылының тұрғыны:

-Заңды сатылғанба ол?

-Заңды ма заңды емес па оны біз білмейміз қарапайым халықпыз ғой енді әкімге айтып отырмын жарайды сатып жібердіңдер ме бізге халыққа жол беріңдер деп отырмын. Ал ол сол мәселені шеше алмай отыр. Ал распорежениесін біз өзіміз барып көрдік.

Тұрғындардың айтуынша, ауыл ішінен жер алып үй салушылардың санын күрт көбейген. Бос жатқан жердің бәрінде құрылыс жүріп жатыр. Жұртшылықпен бірге Целиноград ауданының әкімдігіне бардық. Әкім Малғаждар Тәткеевтың өзі тұрмақ, орынбасарының барлығы орнында жоқ. Өзін Асқар деп таныстырған мына жігіт әкімдіктің атынан түсініктеме беруге тырысып көріп еді, бірақ ақырында «кісі киіктеніп» қалды.

Қысқасы, аудан әкімшілігі үнсіздік танытты. Асқар да сөйлесуге құлық танытпай, қаша жөнелді. Бұған дейін бірнеше мәрте келіп сұрақтарына тұщымды жауап ала алмаған тұрғындар бұл жолы тағы да іштен тынып тарқасты.

Әкімдік мәселені шешуге уәде берген екен. Ешқандай жер сатылмаған, бірақ заңсыз басып, қоршап алу фактілері тіркелген. Комиссия жұмыс істеп жатыр деді ауыл тұрғындары.

Ербол МӘНДІБЕК

Бөлісу