«Төле би» деп аталатын жаңа кино туынды көрерменге жол тартты
Фильмде тау тұлғаның балалық шағынан бастап қазақтың «төбе биі» атанғанға дейінгі ғибратты ғұмыры қамтылған. Сондай-ақ оның Тәуке хан, Қазыбек, Әйтеке билермен, Бөгенбай, Қабанбай батырлармен бірге елдік мәселелерді шешкен сәттері көрсетіледі.
Телехикая 10 сериядан тұрады. Туындыны «САҚ» киностудиясы мен «Оңтүстікфильм» мекемесі бірлесіп түсірген. Бұл - олардың Түркістан облысының бір жылдығана жасаған тартуы. Телехикаяның көркемдік жетекшісі – Сатыбалды Нарымбетов, сценарий авторы – Бақытжан Құлжабай. Ал режиссері – Батырхан Дәуренбеков болса, продюсері - Нуриддин Пәттиев.
Нұриддин Пәттиев, «Төле би» фильмінің продюсері:
Тек би ғана болып қоймай, басқа да ел билеген, жоңғар мен Қытайлармен келіссөздер жасап, өз баласын залогқа тастап, сөйткен үлкен тұлға. 10 серияға бұл кісінің бүкіл өмірін сиғызу өте киын. өйткені өмірінде болған оқиғалар өте көп.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ