Қызылордалық полицей 3 жасар баланы аман алып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық полицей 3 жасар баланы аман алып қалды

19.06.2019

Қызылордалық полицей 3 жасар баланы аман алып қалды. Бүлдіршін үйде үлкендердің қарауынсыз қалған. Ашық қалған терезенің алдында отырған баланы көрген көршілер дереу Ішкі істер бөліміне хабарласады. Тәртіп сақшысы, оқиға орнына дереу жетіп, сәбиді ажал аузынан алып қалды.       

Аға лейтенант Жасұлан Сарбалаев мұны ерлік деп санамайды. Менің орнымда кім болса да солай істер еді- деп біледі. Себебі, әр адамның өмірі-құнды. Қолыңнан келсе көмектес, өміріне араша тұр.

Жасұлан Сарбалаев, Полиция аға лейтенанты:

Анасы жұмыста болғандықтан, әкесі мен баласы үйінде қалған, үш жасар. Сол кезде әкесі дүкенге барып келемін деп кеткен кезде баласы подоконникке шығып, терезенің алдында. Терезе ашық қалып, москитная сетка ашық болып, тұрғындардан хабарлама түсіп, енді ол кішкентай жас бала ғой. Соны ата-анасына аман есен тапсырдық. Өзімнің міндетім, парызым деп есептеймін. Кез-келген азамат оны жасуаы мүмкін.  

Жасұлан өзіне бекітілген аумақтағы 32 мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздігіне  үлкен жауапкершілікпен қарайды. Уақытпен санаспайды. Күн-түн демейді, жұртқа көмектесуге дайын. Өйткені, ол қызмет ететін аумақта 65 көпқабатты, мыңға жуық жеке тұрғын үй бар. Үйлердің ауласына, көшелерге бейнекамералар  орнатылған. Бұл- жұмысты біршама жеңілдетеді.  

Жасұлан Сарбалаев, Полиция аға лейтенанты:

Сырттан келетін көп жалдамалы пәтерлер бар, болмаса үйі жоқ адамдар, көптеген отбасылар келіп тұрып кетеді. Біздер камерадан аулалардағы парковка дейміз ғой, автотұрақтарға автокөліктер ұрлықтарының алдын алу мақсатында камераларды сол мақсатта пайдаланамыз түнгі уақытта.

 

Отбасылық зорлық-зомбылық, тұрмыстық кикілжіңдер, жасөспірімдер бұзақылығы... Күн сайын алуан түрлі оқиға, алуан тағдыр. Тәртіп сақшысы міндетін мүлтіксіз атқаруға тырысады. Атақ-даңқ үшін емес, егемен елдің тыныштығы үшін  еңбек етеді. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу