Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халыққа есеп беру кездесуінде айтты. Оның сөзінше, алдағы 5 жылдың ішінде электронды сауда айналымы 1 триллион долларға артпақ.
Онлайн-сауданы ынталандыру үшін табыс салығы бірнеше жылға алынып тасталған. Сондай-ақ, экспортқа арналған тауарларды декларациялау да жеңілдетілген. Ведомство басшысы қарқынды дамып келе жатқан тиімді секторды қолдауға қатысты өзге де шараларды атап өтті.
Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика минстрі:
«Біз Еуропа мен Қытай арасында орналасқан мемлекет болғандықтан, тұтынушы мен сәлемдемелерді жөнелтушілердің арасындағы байланыс жақсы дамыған. Инфрақұрылымдық жағдай да жасалған. Сондай-ақ, сәлемдемелерді рәсімдеу үшін кедендік түзетулер енгізілген. Алға қойып отырған мақсатымыз – Қазақстан арқылы интернет-сәлемдеме транзитін 6 есеге ұлғайту.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ