Көкшетауда жас құқық қорғаушылар форумы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда жас құқық қорғаушылар форумы өтіп жатыр

19.06.2019

Ішкі істер органдарының кез-келген қызметкері генерал болуды армандайтыны сөзсіз. Көкшетауда өтіп жатқан жас құқық қорғаушылар форумы аясында қатысушылар генералдармен кездесті. Ардагерлер аллеясында өткен жүздесуде аға буын өкілдері естеліктерімен бөлісті. Қызметке адал, жұмысқа жауапты болу басты қағида. Саябақта алғашқы ағаштар да отырғызылды. Ардагерлер бастап, жастар қостап, қызмет барысында қаза тапқан әріптестерінің рухына тағзым етті. Полиция департаментінің алдындағы ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Сондай-ақ, ішкі істер органдары мұражайының ресми ашылуы өтті. Музейде қазақстандық полиция қызметінің қалыптасуы, ертеде қолданылған құрылғылар мен қарулар бар. Ерекше ерлігімен көзге түскен бүгінгінің батырлары жайлы да ақпарат қамтылған.

 

Руслан Ақбала, форумға қатысушы:

 

3 айлық курс оқуын бітіріп, осы қызметті жаңадан бастағалы жатырмын. Осындай форумдар бізге жас мамандарға қажет деп ойлаймын. Үлкен шендегі ағаларымыздан тәжірибе алып, сол кісілерді үлгі қылып, алдағы жұмысымызда қолданамыз деп ойлаймын.

 

Өмірзақ Болсамбеков, Ішкі істер органдары және Ұлттық «Ұлан» ардагерлерінің қазақстандық кеңесінің төрағасы:

 

Біздің міндетіміз осы жаңағы республиканский жиналысқа келіп отырмыз ғой жастарға арналған соларға үлгі беріп ақылымызды айтып, соларға тәрбиелік жұмыс жасап, жұмысқа үйретіп, сондай біздің міндетіміз. Соған келіп отырмыз.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу