Қызылордалық полицейлер сәбилер үйіне барып, бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық полицейлер сәбилер үйіне барып, бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі

19.06.2019

Қазір мұнда 60-ға жуық бала тәрбиеленіп жатыр. Олардың дені туа бітті науқас және ата-анасының қамқорлығынан айырылған. Бірақ, бұл бейкүнә нәрестелерді асырап алуға көп адам тәуекел ете бермейді. Амал жоқ, сәбилер 3 жасқа дейін осында болады, онан әрі интернат, балалар үйі. Облыстық полиция департаментінің басшылық құрамы орталыққа мол базарлық алып келді. Тосын сыйға шаттанған балалар да қарап қалған жоқ, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.

Арыстанғали Заппаров, Қызылорда облыстық ІІД бастығы:

Бір мезет, сәт болса да осы балалардың көзінен көңіл, күлкі көрдік. Барлығымыз оған куә болдық. Осы сәбилер үйіне үлкен рахмет. Азанғы, кешті бөбектердің қасынан табылып, өздерінің әке-шешесіндей болып, бағып, қолпаштап. Ертең осы балалардың арасынан біздің қатарымызға қосылатын азаматтар бар екеніне мен кәміл сенемін.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу