Мақсат – табиғи тепе-теңдікті сақтап, өзен-көлдердегі балықтың азайып кетуіне жол бермеу.
20-шы наурыз бен 20-шы сәуір аралығында шортан, сазан, табан, оңғақ балықтарын, 20-шы сәуірден 30-шы мамырға дейін көксеркені аулауға тиым салынды. Себебі, бұл олардың уылдырық шашатын уақыты.
Сондай-ақ, балықтың кейбір түрлерін маусымның соңына дейін аулауға болмайды. Іс-шара барысында тиымға қарамай балық аулағандарға 54 хаттама толтырылып, 681 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.
Жұлдыз Негматова, облыстық балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы:
Қазіргі таңда облыс аумағында 805 өзен-көл бар. Соның 225-і балық шаруашылығымен айналысатын 154 кәсіпорынға бекітіліп берілген. Қалғандары резервте тұр. Өзен-көлді жалға алғандар одан пайда тауып қана қоймай, күтіп-сақтауға міндеттелген.
Дәуренбек ӘБДІБЕК