Қазақстандағы бас бостандығынан айыру мекемелері халықаралық талаптарға сәйкестендіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы бас бостандығынан айыру мекемелері халықаралық талаптарға сәйкестендіріледі

19.06.2019

Бұл туралы арнайы жұмыс тобының отырысында айтылды. Бұған дейін қылмыстық атқару жүйесінің жұмысын жетілдіру үшін түрлі мекемелерден ұсыныстар қабылданған болатын. Жұмыс тобы 150 ұсынысты зерттеп, тиімділерін анықтайды. Халықаралық стандарттармен қоса еліміздің заңнамаларындағы ерекшеліктер де ескеріледі. Осылайша сотталғандар бастандыққа қоғамға пайдасы тиетін адамға айналып шығуы үшін барлық жағдай жасалады деп отыр мамандар.

Дулат Әдембаев, ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі басқармасының бас маманы:

Біздің мемлекет жазаны орындау саласындағы әлемдегі ең негізгі бүкіл халықаралық фактілерге қол қойған. Сондықтан, ең негізгісі адамдардың ар ождан бастандығы дейді, жанұясымен кездесу бостандығы шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға құқығын қысқарту немесе одан әрі жетілдіру болып табылады.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу