Бас мүфти Серікбай қажы Ораз елдегі митингілерге қатысты ойын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз елдегі митингілерге қатысты ойын айтты

18.06.2019

Азаматтар өздерінің ой-пікірлерін көшеде емес, келелі кеңесте білдіргені жөн. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз елдегі митингілерге қатысты осылай деді. Ол наразылық пен қарсылық дау-дамайсыз, керісінше мәдениетті, әрі байсалды түрде айтылғаны абзал деп санайды. Сонда ғана кез-келген мәселе бітімді, әрі жемісті шешіледі. Өйткені билік те, халық та – бір елдің тұрғындары. Ал ел халқының бірлігі берекелі тірліктің кепілі екенін ескерген дұрыс.

Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:

Дінімізде Жер бетіндегі бейбіт өмірді сақтаңдар дейді. Демек, біз үшін ең басты құндылық – біздің тәуелсіздігіміз, ішкі келісім мен тұрақтылығымыз. Тұтас қоғамды сақтап тұратын ең бастысы – арадағы сұхбаттастық. Сараланған ойдың сапалы, әрі сабақтастығы болуы үшін өзара үйлесімділік керек.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

 

 

                                                          

Хабарламаларға жазылу