Депутат Сауытбек Әбдірахманов қоғамда әділет бұрынғыдан да арта түседі деген пікірде. Бүгін Парламент Мәжілісінде Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттардың отырысы өтті. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы мен ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөздерінен туындайтын міндеттер талқыланды. Депутаттар билік өкілдерінің халық алдындағы жауапкершілігін арттыра түсу қажет дейді. Құрылғалы жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі соған өз септігін тигізуі қажет.
Сауытбек Әбдірахманов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
Қазіргі таңда еліміздің алдында жаңа саяси кезең ашылып отыр. Көп дүние өзгереді, қоғамда әділет бұрынғыдан арта түседі деп күтіп отырмыз. Оның нақты жолдары - қоғамның билікке сенімін арттыру мәселесі өте көкейкесті болып тұр.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ