Жылдағы дәстүрден жаңылмай, көршілес мемлекетердің жайдарманшылары біздің елде қонақ болды. Жобаға қатысушылар саны жылдан-жылға артып келеді.
Әзіл кешінде жергілікті жастардан бөлек Ресей, татар, өзбек, башқұрт, моңғол жастары өнерлерін ортаға салды. Жайдарманшылардың ойыны көрерменнің көңілінен шықты. Әсіресе, саяси тақырыптағы астарлы қалжыңдар мен күнделікті тұрмысты бейнелейтін астарлы әзілдер көңіл қуантты. Тартысты өткен сайыста Ресейдің Ноғай ауданынан келген «Алтын Орда» командасы бас жүлдені иеленді.
Есен Елеукен, «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті:
Осыдан 10 жыл бұрын басталған идея еді. 3 жыл бұрын өткіздік. Былтыр Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен өтті. Биыл Нұр-Сұлтан әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр. Жылдан жылға команда саны көбейіп келе жатыр. Бұл жолы шетелден 6 топ келді.
Аяулым Өтебай, «Алтын белгі» иегері:
«Алтын белгі» мен үшін, меніңөмірімдегі үлкен жетістіктерімнің бірі. Себебі, бұл 11 жыл бойғы еңбегімді талап етті. Сондықтан да, мектебіме, ата-анама және басқа да айналамдағылардың бәріне алғысымды айтамын.
Салтанат Муталханова, «Алтын белгі» иегері:
Барлық түлектерді құттықтағым келеді.Барлығы үшін шын қуаныштымын. Маған сенген жақындарымның үмітін ақтағаныма қуаныштымын. Өмірімдегі ең кереметкүндердің бірі деп есептеймін. Ендігі арманым мемлекетіме өз үлесімді қосу.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ
