Басты Жаңалықтар Көкшетауда Ішкі істер саласының жас қызметкерлері мен тәлімгерлерінің республикалық форумы басталды

Көкшетауда Ішкі істер саласының жас қызметкерлері мен тәлімгерлерінің республикалық форумы басталды

Оған еліміздің барлық аймақтарынан келген мамандар қатысуда. Бүгінде Ішкі істер саласында 100 мыңнан астам құқық қорғаушы бар. Олардың шамамен 10 пайызы еңбек өтілі 1 жылға жетпеген жас қызметкерлер.

Форум қатысушыларына саладағы өзгерістер жайлы баяндалды. Нақты мысалдар арқылы түрлі жағдайдағы іс-әрекеттер көрсетілді. Ардагерлер сөз алып, өздерінің мол тәжірибесімен бөлісті.

Бақытжан Бейсеев, ҚР ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары:

Мәселелер мұндай ғой: жас маман болып келеді. 1 жыл тағылымдамадан өтеді. Сондықтан оған тәрбиеші тағайындалады. Ол тәрбиеші оны жұмысқа үйретеді. Әр нәрседе қиындықтар бар. Жұмыс көп. Уақыты нормаға сай емес жұмыс орны дейміз ғой. Сондықтан жас мамандар үйрену үшін, деңгейін көтеру үшін осындай шаралар жүргізіледі.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

 

Бөлісу