Төтенше жағдайлар қызметінің мәлімдеуінше, көліктегі газ балоны ашық қалып, соның кесірінен тұтанып, қопарылып кеткен. Естеріңізге сала кетейік, кеше көлік жөндейтін орын мен дәмхана орналасқан екі қабатты ғимарат жарылып, жеті адам зардап шеккен еді. Екеуі ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсті. Дәрігерлер олардың өміріне қауіп жоқ екенін айтады.
Бүгін Ішкі істер депаратменті осы оқиғаға байланысты Қылмыстық Кодекстің 292 бабы, 1-ші тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Ирина Беженарь, облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Бұл бапқа сәйкес 3 мың айлық есептік көрсеткіш бойынша, айыппұл төлеу жазасы тағайындалуы мүмкін. 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осындай уақытқа бас бостандығынан айыру да қарастырылған. Мұның бәрі тергеу нәтижесі мен сот шешіміне байланысты.
Дәуренбек ӘБДІБЕК