Басты Жаңалықтар 30 маусым мен 6 шілде аралығында Елордада Еуразия кинофестивалі өтеді

30 маусым мен 6 шілде аралығында Елордада Еуразия кинофестивалі өтеді

Ұйымдастырушылар биылғы байқау барысында тиімді келісімдер орнатуға ниетті. Нұр-Сұлтанға голивудтық атақты компаниялардың продюсерлері мен кино саласының белді менеджерлері келеді. Сондай-ақ, меймандар арасында еуропа және азия киносының салмақты өкілдері бар. Қазақстандық кионогерлер олармен әріптестік орнатып, ортақ жобаларды талқыламақ. Ал байқау бағдарламасына әлемнің үздік кинокартиналары кірген. Биылғы сайысқа қатысатын қысқа метражды фильмдер фестиваль тарихындағы ең мықтылардың бірі болады дейді ұйымдастырушылар.

Ермек Тұрсынов, «Еуразия» кинофестивалінің төрағасы:

Биыл кино туралы заң қабылданды. Көптеген ұсыныстар өмірге келіп жатыр. Жалпы бұл фетиваль биылдан бастап өзгереді. Бұл енді жай ғана мереке немесе той емес.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Бөлісу