1 миллион қазақ отанға оралуға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 миллион қазақ отанға оралуға ниетті

17.06.2019

Шетелдердегі 1 миллион қазақ Отанға оралуға ниетті. Бұл туралы этникалық қазақтар мен өзге мемлекеттердегі қандастарды  қолдау жөнінде өткен кездесу барысында айтылды. Осы мақсатта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы», «Отандастар қоры»  ынтымақтастық меморандумын бекітті.

Келісімшарт  қазақ диаспорасымен мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуды, оларды ана тіліне оқыту үшін жағдай жасауды көздейді. Сондай-ақ,  тараптар қазақ диаспорасы туралы арнайы заңнамалық акт әзірлеу туралы уағдаласты.

Айта кетейік, бүгінде әлемде 16 миллион қазақ бар. Оның үштен бір бөлігі шет мемлекеттерде өмір сүріп жатыр. 27 жылда  1 миллион қазақ елге қайтқан. 


Зауытбек Тұрысбеков, дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары: 


Ең үлкен мәселе ол жақтағы ересектердің бәрі тіл біледі. Себебі көпшілігі қазақ мектебінде оқыған. Сол заманда қазақ мектептері болған. Ал қазіргі жағдайда 20-25 тегі азаматтар тілді білмейді. Көбісі қазақтың дәстүрін білмейді. Әдет-ғұрыпты білмейді. Сол себептен осы төңіректе қазір көптеген жұмысты жоспарлап отырмыз.                                           

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу