Көкшетауда қабылдау кеңселері ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда қабылдау кеңселері ашылды

13.06.2019

Көкшетауда Полиция департаменті мен басқармасында азаматтарды қабылдау кеңселері ашылды. Бұрынғы кезекшілік бөлімшелер өзгертіліп, жаңа форматқа ауысқан.

 

Енді ешқандай темір тор, жабық есік жоқ. Керісінше, қабылдау кеңсесі келісті дизайнмен жасалған. Арнайы күту орындары да жайлы. Тұрғындардың қылмыстық, азаматтық, әкімшілік арыз-шағымдары осында қабылданады.
 

Ақыл-кеңес алуға да мүмкіндік бар. Әкімшілік айыппұлдарды төлеуге болады. Мамандардың айтуынша, бұл жемқорлық деректерін азайтпақ.

 

Кеңседе тергеушілер, көші-қон және жергілікті полиция қызметінің мамандары кезекшілік жасайды. Жыл соңына дейін облыстағы барлық аудандық бөлімдерде осындай қабылдау кеңселері ашылмақ.

 

Жанатбек Есімов, қалалық Полиция басқармасының бастығы:

 

Бұл жерде тағы біздің қызметкерлер бар. Олар әкімшілік полиция бойынша, жаңағы қылмыстық жобалар бойынша жауап береді. Сонымен бірге, бізде азаматтардан түсініктеме алу үшін шыныдан жасалған бөлімдер бар. Сол бөлімдердің жанында прокурордың кабинеті бар. Шағымданатын болса, сол прокурорға да шағымдану мүмкіндігі бар.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

 

Хабарламаларға жазылу