Бүгін Астана мемлекеттік қызмет хабының жыл сайынғы конференциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астана мемлекеттік қызмет хабының жыл сайынғы конференциясы өтті

13.06.2019

Билік пен қоғам, халық пен үкімет арасындағы сенімді қалыптастырудың жаңа қағидаттары енгізілуі тиіс. Онда мемлекеттік сектордағы құндылықтар, сенім және технологиялар мәселесі талқыланды. Халықтың сенім үдесінен шығу үшін алдымен сол халықтың алдындағы парызын сезіне алу керек. Сосын жаңа идеялар мен жаңа технологияларға бейімделу қажет.

 

Ал ең бастысы – қарамағындағы қызметкердің еңбегін, абыройын, уақытын құрметтеу қажет. Осындай негізгі құндылықтардың арқасында ғана жемісті нәтижеге қол жеткізуге болады десті жиынға жиналғандар.

 

Әлихан Байменов, Астана мемлекеттік қызмет хабының басқарушы комитет төрағасы:

 

Бүкіл мемлекеттік аппарат халықтың қаржысына ұсталады. Халық оларға жұмыс беріп отыр. Ендеше бүкіл мемлекеттік аппараттың жұмысы халықтың сеніміне ие болуы үшін бағытталуы керек. Ол үшін мемлекеттік қызметшілердің бойында тиісті құндылықтар болуы тиіс. Міне бүгінгі талқыланып жатқан сұрақтар осыған байланысты.

 

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу