Нұр-Сұлтанда тау-кен форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда тау-кен форумы өтті

13.06.2019

«Цифрландыру және инвестициялық көкжиек». Осымен 10-шы мәрте өтіп жатқан тау-кен және өңдеушілер форумы дәл осындай тақырыпты арқау еткен. Алдымен, өндірістегі отандық өнім үлесін арттыру, шет елдік нарықта бәсекеге сай болу, өнім сапасын арттыру жайы сөз болды.

 

Жер қойнауын пайдаланушылар, жергілікті кәсіпорындардан 1 триллион теңгеге жуық теңгенің тауарлары мен қызметін сатып алған. Бір сөзбен айтсақ, тау-кен саласы ішкі нарықта зор әлеуетке ие қозғашуы күш.

 

Форум аясында, отандық кәсіпорындардың көрмесі өтті. Айтулы шара кезінде, өндірушілер өзара меморандумдар мен келісімдерге қол қойып, әріптестікті нығайтуға уағдаласты. Көрмеге 200-ден астам Қазақстандық өндірушілер қатысқан.

 

Николай Радостовец, Тау-кен өндіруші және тау-кен металлурнгия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры:

 

Тапқан табысытң 1 %-ын ғылымға жұмсауға мінедтті. Осы қаржыны қалай жұмсау керек. Өз күшімізбен іске жаратамыз ба? Әлде стартаптарға жұмсаймыз ба? Әлде министрлік арқылы жаратамыз ба?

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу