Маңғыстауда жемқорды қызметке алған экс-әкімге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда жемқорды қызметке алған экс-әкімге айыппұл салынды

11.06.2019

Маңғыстауда сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша сотталған азаматты қайтадан мемлекеттік қызметке алған. Мұндай қадамға барған Маңғыстау ауданының экс-әкіміне сот шешімі шығып, айыппұл салынды. Бұрынғы әкім жемқор азаматты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директоры лауазымына қабылдаған. Ол үшін құрылған комиссияның хаттамасын сот негізсіз деп тапты. Жемқор директор қызметтен босатылды.

Гауһар Нұрханова, Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы:

Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасында азамат Айтуаровқа қатысты әкімшілік іс қаралды. Бірінші саты сотының қаулысымен Айтуаров ҚР ӘҚБ туралы кодекстің 681-бабымен кінәлі деп танылып, оған 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 252 мың 500 теңге айыппұл салынды. Аппеляциялық сот алқасында Айтуаровтың шағымы қанағаттандырусыз қалып, сот қаулысы заңды күшіне енді.

Аягөз ОРАЛБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу