Қарағанды облысының Абай қаласында бұзақылар кафедегілерді соққыға жығып, терезелерді шаққан
8-ші маусымға қараған түні сағат 23.00 шамасында бетперде киіп, қолына таяқ ұстағандар ішке сау етіп кіріп, бейқам отырған екі адамды аяусыз ұрған сәті бейнебақылауға түсіп қалған. Бұған қоса куәгерлер кафенің шағылған терезелерін де ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.
Денсаулық сақтау басқармасының берген мәліметінше, жәбірленушілер медициналық мекемелерге көмек сұрап бармапты. Полиция бұзақылыққа қатысы бар деген күдікпен Абай қаласының 27-31 жас аралығындағы төрт тұрғынын ұстады.
Жанатай Сембеков, облыстық полиция департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:
Аталған факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ-тәжік қатынасы: $2 млрд межесі
07.11.2026, 20:34
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22