Атырау облысынан тұщы су көзі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысынан тұщы су көзі табылды

10.06.2019

Ен даладан тіршілік нәрі табылды. Атырау облысына қарасты Мақат ауданы аумағынан тұщы су көзі шығып жатыр. Ол Ескене ауылынан 5 шақырымдай қашықтықта орналасқан.

Жер астынан өніп жатқан су күннен-күнге толығып, көлге айналып келеді. Мамандардың болжамынша, бұл жерге 5 мың текше метр су жиналған. Ұзындығы 200, ені 100 метр көлшіктің тереңдігі әзірге тізеден келеді. Көлшіктің қалай пайда болғанын құзырлы органдар зерттемек. Егер мол су қоры табылып жатса, бұған дейін тек құбыр суын пайдаланып келген шаруашылықтар тұщы тіршілік нәрінің игілігін көрмек.

Жолдасқали Телағысов, облыстық Экология департаменті зертханалық бақылау бөлімінің меңгерушісі:

- Мақат ауданы құрылғалы бері осы суға зәру. Тапшы. Қазір қуанышты жағдай болып жатыр. Судың пайдасын халық көрмегенде, кім көреді.

Ғазиз Ғабдуллин, шаруа қожалық иесі:

- Сараптамаға жібереміз. Судың құрамында қандай зиянды заттар бар екенін анықтауға. Жарамды болған жағдайда облыс әкімдеріне ұсыныс береміз.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу