Түркістан «ақылды қалаға» айналады. Облыстық әкімдік жанындағы жобалық кеңсе қызметкерлері бүгін «Смарт сити» жобасын таныстырды.
Кешенді бағдарламаға кіріспес бұрын жоба авторлары жан- жақты зерттеу жүргізген.
Қала тұрғындарымен, кәсіпкерлермен, мемлекеттік қызметкерлермен тілдесіп, алдымен ең өткір деген мәселелерді айқындап алған. Оның біразына шұғыл түрде шешім тапқан. Атап айтсақ, көшелерді жарықтандыру, бейне бақылау камераларын орнату, мектептерге қауіпсіздік жүйесін енгізу секілді бірқатар шаруа атқарылыпты.
Ендігі кезекте қоғамдық көлік, такси, коммуналдық қызметтер ісін автоматтандыру, бірыңғай байланыс орталығын іске қосу, бастысы, осының бәріне қаржы көзін табу міндеті тұр.
Өңірге іс-сапармен келген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы бұл бастамаға оң бағасын берді.
Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
Бәрі офис-спейс ретінде осында жиналып, бастау проектілерді талқылап жатырсыздар. Бұл — заман талабы. Ең бірінші — ашықтық, айқындық. Бәріңіз білесіздер мемлекет қоғам алдында есеп береді.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ