Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз хатшысы ресми мәлімдеді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күні кеше ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы аталған шенеунікке қатысты тергеу амалдары басталғанын растаған болатын.
Айта кетейік, Эльмира Суханбердиева бұған дейін елорданың Білім басқармасын басқарған еді, 2016 жылы Білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.
Ботагөз Баянова, қалалық соттың баспасөз хатшысы:
- Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Суханбердиева Эльмира Аманкелдіқызына қатысты екі ай мерзімге, яғни 2019 жылдың 2 тамызға дейін мерзімде қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын санкциялады.
ЕРБОЛ МӘНДІБЕК