Биылғы жылдың 4 айында Қостанай облысына 67 миллиард теңге инвестиция тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы жылдың 4 айында Қостанай облысына 67 миллиард теңге инвестиция тартылды

06.06.2019

Өсім өткен кезеңмен салыстырғанда 36%-ға тең. Болашақта құны 2,2 триллион теңге болатын 40 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл туралы аймақта бизнес қауымдастықтардың қатысуымен өткен жиында айтылды.

Қостанай өңірі сүт, өсімдік майы, ұн, кондитерлік өнімдерді экспорттау жөнінен республикада көш бастап тұр. Жергілікті машина жасау зауытының да жұмысы нәтижелі.

2019 жылдың 4 айында мұнда 5 мың жеңіл көлік құрастырылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 36 мыңға жеткізу жоспарланған. Кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аймақта шағын және орта бизнесті дамытуға да мүмкіндік беріп отыр.

Архиммед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:

Біз мұнан әрі өнеркәсіпті дамытуда белсенді жұмыстарды жалғастыруға мүдделіміз. Шетел инвесторлары тартылды. Алдымызда қойылған міндет ШОБ үлесін 28, 2%-ға жеткізу.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

 

Хабарламаларға жазылу