Елордада «iQala» орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «iQala» орталығы ашылды

05.06.2019

Елордалықтар енді қалалық қызметтің барлығын бір жерден алатын болды. «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында қала әкімдігі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «iQala» деп аталатын орталық ашты.

Қалалық қызметтің барлық түрі, бизнес өкілдеріне көрсетілетін қызметтер осында тоғыстырылған. Тұрғындар енді бір қағаз үшін бірнеше мекемені араламай, керек құжатын iQala-дан алады. Кәсіпкерлер барлық тапсырысты онлайн түрде алады.

Темірлан Нұрғисаев, «ASTANA» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ төрағасының бірінші орынбасары:

Информациялық технология арқылы курьерсіз осы жерден жедел түрде, мысалы, шарттар бар. Осы жерден электронды қолтаңбамен шартқа қол қоясыз, келесі тарап та солай қол қояды. Осы жерден оны басып шығарып аламыз. Сонымен әрі қарай қағазбен жүгіріп жүрмейміз. Ең бірінші сол.

Хабарламаларға жазылу