Қарағандылықтар төрт көпбалалы отбасыға пәтер алып берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылықтар төрт көпбалалы отбасыға пәтер алып берді

05.06.2019

Рамазан айының 30 күнінде Қарағанды облысындағы барлық мешіттер қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастырып, көпбалалы 4 отбасыға пәтер сыйға тартылды. Айт мерекесі қарсаңында бұл игі істі Үштөбе ауылының мешіті жалғастырып, көпбалалы аналарға, мүгедек жандарға азық-түлік үлестірілді.

Жалпы саны 62 отбасыға осындай әлеуметтік қолдау көрсетілді. Ораза басталғалы Алла үйінің қабырғасында көпшілікке ауызашар беруді тұрақты дәстүрге айналдырған. Жақында мешіт жанынан медресе ғимаратының құрылысы басталады.

Алма Әкімбекова, ауыл тұрғыны:

- Көп жұмыстар жасап жатыр. Көмек жасап жатыр осындай көпбалалы аналарға, мүгедек балаларға. Мешітіміз көркейе берсін. Бала-шағалар аман болсын!

Жандос Нығыман, Үштөбе мешітінің имамы:

- Үштөбе мешітінде басқа мешіттердегідей осы Рамазан айының 30 күнінде ауызашар беріліп отырды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу