Бұған қалада орнатылған бақылау камералары айырықша әсер етті. Жалпы, облыстық жедел басқару орталығына тиесілі 410 және учаскелік полиция бекеттеріне шығарылған 336 камера бар.
Осының арқасында, 5 айдың ішінде 304 ұрлық, 11 көлік мініп кету және 28 тонау фактісі дер кезінде ашылды. Облыстық полиция департаментінің басшылары пәтер иелері кооперативі өкілдерімен кездесіп, қоғамдық қауіпсіздікті қаматамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары жайлы баяндады
Александр Розбах, учаскелік инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы:
Қазіргі күні пәтерлерге дабыл жүйелерін, кіре берістерге бақылау камераларын орнату туралы айтып жатырмыз. Өйткені, бұл екі жаққа да қажетті сақтық шарасы. Сондай-ақ, сағаттап, тәуліктеп жалға берілетен пәтерлердің иелеріне шағым көп түседі. Клиенттері шулап, мазаны жиі алады. Осыған орай, риелторлық компания басшыларына қатаң талап қойып отырмыз, көршілердің мазасын алмау үшін заң шеңберінде жауапкершілікті күшейтеміз.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ